ҰҚШҰ-ға мүше елдер СІМ басшылары Алматыда қандай келісімдерге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров Ұйымға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысынан кейін өткен брифингте ҰҚШҰ-ның халықаралық ұйымдармен байланысын кеңейту мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, ҰҚШҰ СІМ кеңесінің отырысында Минскіде өткен былтырғы мерейтойлық саммитте ҚР Президенті ұсынған басымдықты бағыттарды іске асыруға ерекше назар аударылды. Оның ішінде әскери және әскери техникалық ықпалдастықты дамыту, терроризмге жаһандық қарсы тұру бойынша халықаралық жүйенің қалыптастырылуына ҰҚШҰ-ның  қатысуы, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз есірткі  айналымымен күрес бойынша нақты шараларды әзірлеу бар.

«Қазақстан ҰҚШҰ-ның халықаралық ұйымдармен байланысын дамытуға және арттыруға мүдделі. Биыл ҰҚШҰ-да төрағалық етуімізді және бір мезгілде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысуымызды символдық мәнге ие деп есептейміз. Қазақстан аталмыш ұйымдардың күн тәртібіндегі жұмыстарды жақындастыру тұрғысында тығыз жұмыс істеуде. БҰҰ мүддесі үшін ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін пайдалану мүмкіндігін зерттеу үстіндеміз. Осы бағытта БҰҰ хатшысы мен ҰҚШҰ арасында жол картасы жасалған. Осы сұрақты бүгін әріптестерімізбен кеңірек талқыладық», - деді Қайрат Әбдірахманов.
null

Тараптардың пікірінше, бұл ықпалдастық терроризмге қарсы күресті нығайта түспек.  ҚР СІМ басшысы Қазақстан тарапынан да арнайы жоба жасалып жатқанын айтты. Бұл жоба күзде өтетін ҰҚШҰ елдері бассшыларының кездесуінде талқылауға шығарылады.

ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров жыл басынан бері 2017 жылы күзде Минскіде қабылданған ҰҚШҰ Мемлекет басшылары кеңесінің шешімдерін орындау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Оның ішінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезіндегі ұсыныстарына басымдық берілді.

«Сыртқы істер министрлері кездесуінде атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері туралы айтылды. Әлемдегі қазіргі ахуалға баға беріліп, осы орайдағы ұйымның алдына қойылған міндет туралы айтылды. Сондай-ақ, халықаралық қатынастағы негативті тенденцияларды болдырмаудың превентивті алдын алу шаралары, тұрақтылық пен қаупісіздікке қатер төндіретін мәселелер сөз болды. ҰҚШҰ БҰҰ хатшылығымен белсенді жұмыс атқара бастады. «БҰҰ халықаралық бітімгершілік қызметін дамыту мүддесінде (2018-2021 жылдарға арналған) ҰҚШҰ бітімгершілік әлеуетін пайдалануға жағдай жасау» туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының арнайы жол картасын қалыптастыру қолға алынды. Екі аптадан соң ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Нью-Йорк қаласына БҰҰ бас хатшысының орынбасары Лакруамен кездесуге барады. Осы кездесуде жол картасының мән-жайы белгілі болады»,- деді Юрий Хачатуров.

null

Сонымен қатар жиында өзекті тақырыптар бойынша келісімдер талқыланып, қол қойылды - «Орта және жақын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы келісім айналасындағы» мәлімдемеге, «ҰҚШҰ-ға мүше елдер мүдделеріне сәйкес үйлестірілген ақпараттық саясатты дамыту бойынша шаралар жоспары», «ҰҚШҰ-ға мүше елдердің заңсыз көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім».

«СІМ басшылары орта және жақын қашықтыққа ұшатын ракеталарды жою туралы келісімге 30 жыл толуына байланысты позицияларын қайта бекітті. Барлық тараптарды бұл келісімді қия баспауға шақырамыз. Құжаттардың маңыздылары Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының саммитінде қаралады»,- деді Қайрат Әбдірахманов.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы Астанада 2018 жылдың соңында өтеді.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар