ҰҚШҰ елдерінің президенттері Қазақстан атқарған жұмыстарды жоғары бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары Қазақстанның ұйымға төрағалық кезінде атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Бұл туралы бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасаған ұйым бас хатшысының орынбасары Валерий Семерников айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан тарапы ұйымға төрағалығы кезеңінде қолға алған өршіл басымдықтарға айрықша назар аударылғандығын айтуға тиіспін. Бүгін мемлекет басшыларына және барлық қатысушыларға бұл бастамалардың табысты орындалғаны паш етілді. Шындығында да біз Қазақстан аумағында өте көп тәжірибелік шаралар өткіздік. Өткен барлық шаралар, оқу жаттығулары, арнайы операциялар, жиындар, командалық-штабтық жаттығулар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әлеуетті нығайтуда өзіндік нәтиже мен тиімділікке ие болды»,-  деді ол.null 

Сонымен қатар Валерий Семерников сессия барысында мемлекет басшылары өзара пікір алмасып, әлемдік және өңірлік қауіпсіздіктің кең ауқымды проблемалары талқылағандығын атап өтті.

«Бұл шағын құрамда талқылауға енгізілген негізгі мәселелердің бірі болды. Мемлекет басшылары аталған мәселелерді тыңғылықты талқылауға өте көп уақыт бөлді. Сәйкесінше уағдаластыққа қол жеткізілді және ҰҚШҰ форматын сын-тегеуіріндердің барлық спектрлеріне қарсы іс-қимылға бағыттау бойынша жұмыстарды жандандыруға тапсырма берілді»,-  деді ол.

Соңғы жаңалықтар