+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

2019 жылғы 28 қазан 18:01
Бөлісіңіз:
ҰҚШҰ бітімгерлік күштері бейбітшілікті сақтау бойынша операцияларды орындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстандағы ресми сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев «Мызғымас бауырластық - 2019» ҰҚШҰ бітімгерлік күштері оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтіп жатқан Душанбе қаласынан 170 шақырымда орналасқан «Харб-Майдон» полигонына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды Бакуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті

Н. Ермекбаев бөлімшелердің үйлесімділігіне, әскери қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне баға берді.

Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша ұйымдастырылған бандылық топтар Ауғанстан жағынан Тәжікстан шекарасын жарып өтіп, республиканың шекара отрядтарымен ұрысты бастады. ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері халықаралық терроризмге қарсы күрес және Орталық Азия стратегиялық бағытында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен операцияны табысты өткізді.



Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде бітімгерлердің қызметіне қатысты: аймақты күзету, өткізу-бақылау пунктеріндегі қызметті ұйымдастыру, колонналарға ілесіп жүру кезінде жеке құрамның іс-әрекеті, елді мекенді бұғаттау және басқада тікелей қызметтеріне қатысты жайттарды қамтитын бейбітшілікті сақтау бойынша мәселелер қаралды.

Қазақстаннан практикалық іс-әрекеттерде Бірлескен бітімгерлік күштердің құрамында Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, оның ішінде бітімгерлік ротасы, сонымен қатар Әуе қорғаныс күштерінен – Су-30 СМ жойғыштар бөлімі қатысты. Әскери авиация оқу-жауынгерлік міндеттерін орналасу әуеайлағынан орындады.

«Мызғымас бауырластық - 2019» оқу-жаттығуы Орталық Азиядағы бейбітшілік бағытындағы ҰҚШҰ мемлекеттері оқу - жаттығуларының құрамды бөлігі ретінде есептеледі. Сонымен қатар, оның тағы да бір ерекшелігі ұйымның Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан сынды алты мемлекетің әскери контингенттерінің ұжымдық бірлескен іс-әрекеті.


Тәжікстанға сапардың маңызды бөлігі Тәжік-Ауған шекарасын қорғау бойынша қызмет атқару кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалға барып, батырларды еске алу құрметіне гүл шоқтарын қою болды.

Бұдан басқа, министр ТР Қорғаныс министрлігінің Әскери институты мен Кохи Навруз Тарихи сарайын аралады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT