ҰҚШҰ бітімгерлері қандай нысандарды күзетуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ҰҚШҰ кіретін Армения, Қырғызстан,Тәжікстан, Беларусь елдерінен келген Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Қазақстандағы нысандардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп тұрғаны туралы видеолар жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Армения елінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері құрамында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмыс-тіршілігіне қажетті маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауда.


Қырғызстаннан келген әскери қызметшілер Алматы қаласының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын күзету бойынша тапсырмаларды орындауда.


Алматыдағы жылу энергетикалық орталығының қауіпсіздігін Тәжікстан Қарулы Күштерінің бітімгерлері қамтамасыз етеді. Контингент құрамында 100 адам бар. ЖЭО-1 Алматының орталық және шығыс бөлігін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Станция қала ішінде орналасқан және мегаполистің маңызды нысандарының бірі болып табылады.


Беларусь елінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің құрамында «Жетіген» әскери әуеайлағын күзету бойынша тапсырмаларды орындауда.

Еске салсақ, 6 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстанға уақытша келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты. 12 қаңтарда Алматыда жедел штабтың отырысын өткізген Мемлекет басшысы алда ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентінің бөлімшелерін қайтару жұмысы басталатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар