ҰҚШҰ бітімгер күштері Қазақстанға қысқа мерзімге келді - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгер күштері Қазақстанға қысқа мерзімді кезеңге келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, ҰҚШҰ-ның жарғылық құжаттарының негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан конституциялық тәртіпті ретке келтіруге көмек беру үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларынан біріккен бітімгерлік күштерін енгізуді сұрады», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бітімгерлік күштер еліміздегі стратегиялық нысандардың қорғалуын және қызметін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің басты міндеті - маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, ҚР құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандырып, заңның үстемдік етуін қамтамасыз етуге көмектесу.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің 2 500 әскері Алматыға келді.
Соңғы жаңалықтар