ҰҚШҰ Бас хатшысы: Өңірдегі көші-қонмен байланысты жағдай тұрақты әрі бақылауда

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Халықаралық көші-қон ұйымының Мәскеудегі Бюросының директоры Абдусаттар Эсоевпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰШҚҰ) баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың айтуынша, С.Зась Халықаралық көші-қон ұйымының өкілін ҰҚШҰ аясындағы көші-қонмен байланысты жағдай және ұйымның заңсыз көші-қонмен күрес бағытында атқарып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Ол жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлемдік қоғамдастықтың күш біріктіретін уақыты жеткендігін еске салды. ҰҚШҰ Бас хатшысы 2008 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан «Заңсыз көшіп конушы» (Нелегал) халықаралық операциясының нәтижелері жөнінде баяндады.

«Құқық қорғау органдарының күш біріктіріп жүргізген 25 белсенді шарасының арқасында көші-қон заңдарын бұзушы 1,5 млн адам табылып, заңсыз көшіп-қону әрекеттерін ұйымдастырғаны үшін 13 мың, адам саудасы үшін 562 қылмыстық іс қозғалып, 90 млн доллар айыппұл салынды»,-деді С.Зась.


ҰҚШҰ хатшылығына ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау қызметтерінен келіп жатқан материалдарға жүргізілген талдау жұмыстары қазіргі таңда өңірдегі көші-қонмен байланысты жағдайдың тұрақты әрі бақылауда екенін көрсетті.

«Бұл ретте айта кететін мәселе, ҰҚШҰ-ға қарайтын аумақта ішкі саяси жағдайы тұрақсыз және экономикалық жағдайы күрделі Оңтүстік-Шығыс Азия, Азия-Тынық Мұхиты өңірі, Таяу және Орта Шығыстан көшіп-қонушылар легі бар және олар Орталық Азия арқылы Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне ағылып жатыр. Аталған аймақтар заңсыз көшіп-қонушылар өтетін транзитті мемлекеттер саналады. Бұл ретте көшіп-қонушылардың басты тұрақтайтын жерлері негізінен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер»,-деді ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы.

Абдусаттор Эсоев болса Халықаралық көші-қон ұйымының ҰҚШҰ-мен ынтымақтастықы арттыруға зор маңыз беретінін атап өтті.


Ол Халықаралық ұйымның Мәскеудегі өкілдігі ҰҚШҰ хатшылығымен бірлесіп, ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің заңсыз көші-қон мен адам саудасымен күрес заңнамаларына Кешенді салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізгенін айтты.

Бұл талдаудың басты ерекшелігі сол, оның нәтижесінде ҰҚШҰ-ға кіретін мемлекеттердің барлығының заңнамалары заңсыз-көші-қон мен адам саудасымен күрес саласындағы жалпыға ортақ стандарттармен сәйкес келетіні анықталды.

Кездесу соңында тараптар ҰҚШҰ мен ХКҚҰ арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайына қанағаттанатынын айтып, екіжақты мүддеге сәйкес бағыттар бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыра беруге келісті.


Нарынбек Ысмағұлов


Соңғы жаңалықтар