+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

2021 жылғы 7 наурыз 21:15
Бөлісіңіз:
ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 9-10 наурызы күндері Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар: Мемлекет қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын бақылауды сақтауы керек ШҚО-да 5 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін Асқар Мамин мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді қолдады

ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың айтуынша, сапар барысында Станислав Зась Қорғаныс және Сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездеседі.

ҰҚШҰ-ның Бас хатшысын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қабылдамақ.

Кездесулер барысында Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін (2020 жыелтоқсанында) жүзеге асыру аясында жоспарланған іс-шаралар мен ұйымға 2021 жылы төрағалығы барысында Тәжікстан ұсынған басым бағыттарды орындау жұмыстары туралы айтады.

Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікке қатысты, ҰҚШҰ-на мүше елдердің сыртқы саясатын үйлестіру мәселелері сөз болады. Тараптар сәуір-мамыр айлары аралығында өтетін жарғылық органдардың кезекті мәжілістеріне дайындық мәселесін талқылайды.


Нарынбек Ысмағұлов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT