ҰҚШҰ аясында құпия ақпараттың таратылғаны үшін қандай жаза беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл хаттамаға 2012 жылғы желтоқсанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Мәскеуде қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты  ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету тәртібін анықтауға негізделген. Хаттамамен енгізілген өзгерістер Келісімге қосылу мүмкіндігін ұсынуды және барлық халықаралық құқық субъектілерінің оның тетіктеріне қатысуын, Келісімді іске асыру тетігінің негізгі буыны болып табылатын уәкілетті органдардың құрамын нақтылауды қарастырады. Сонымен қатар, өзгерістер құпия ақпараттың таралуына жол берген тұлғаға қатысты заң құзыретін нақтылауды, сондай-ақ айқындайтын және редакциялық сипаттағы түзетулерді көздейді. Осылайша, Хаттамада ескерілген барлық нормалар құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді айқындауға бағытталған.

«Бұл Хаттама барлық мүше мемлекеттермен ратификацияланды және күшіне енді. Оның ішінде соңғы болып наурыз айында Қырғызстан қосылды. Заң жобасы бойынша барлық қажетті сараптамалар жүргізілді. Хаттамамен енгізілген өзгерістер ҚР Конституциясына және заңнамасына қайшы келмейді», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Өсіпов.

Депутаттардың сауалдарына жауап беру кезінде М. Өсіпов ҰҚШҰ-ға мүше елдерде  құпия ақпараттың заңсыз таралуына қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Тек санкцияларда айырмашылық болғанымен, алайда бұл бағытта қабылданатын қадамдар бірдей.

«Тәжікстанда құпия ақпаратты таратқаны үшін 10 жылға дейін, ал бізде 8 жылға дейін жаза қарастырылған. Сондықтан қабылданатын қадамдар бірдей, алайда тиісті өзгешеліктер де бар», - деді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, 1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қол қойылды, ал 2002 жылы халықаралық ұйым ҰҚШҰ болып қайта құрылды. ҰҚШҰ-ның жоғарғы органы мүше мемлекеттердің басшылары кіретін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі болып табылады. Өткен жылы бірлестікке 25 жыл, ал ұйымға 15 жыл толды.

Соңғы жаңалықтар