ҰҚШҰ Алматы мен Жамбыл облыстарында үш бірдей оқу-жаттығу өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді» деп мәлім етті Қорғаныс министрлігі.

Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттер қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.


Фото: ҚР ҚМ

Соңғы жаңалықтар