Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина президенті Петр Порошенко Иван Кулебаны Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі лауазымына тағайындады. Бұл жайлы Укринформ хабарлайды.

№ 129/2018 нөмірлі тиісті жарлық Украина мемлекет басшысының сайтында жарияланған.

«Кулеба Иван Дмитриевич Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындалсын», - делінген құжатта.

 

Соңғы жаңалықтар