Украинаның халық депутаты «Достық» орденімен марапатталды

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның халық депутаты Иван Кириленкоға 2 дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Бұл мемлекеттік награда Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елшілікке сілтеме жасап.

Награданы қабылдай отырып, И.Кириленко Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты. Ол бұл өзі үшін және Қазақстан мен бауырлас қазақ халқына жылы лебізбен қарайтын бүкіл үлкен «украиналық команда» үшін үлкен мәртебе, үлкен жетістік екенін атап өтті.

Сонымен бірге, ол бірнеше рет Қазақстанға келіп, инновациялық даму жолына негізделген елдің жетістігіне әрдайым сүйсінетіндігін баса айтты. Оның айтуынша, Қазақстан прогресінің қозғалтқышы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың инновациялық және терең есептелген идеялары, сондай-ақ олардың дәйекті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қабілеті. Ол, сондай-ақ украиналық түрлі «алаңдарда» және Жоғарғы Раданың «қабырғаларында» қазіргі заманғы Қазақстанның үлгісін мысалға келтіретінін қосты.

Халық депутаты достық пен өзара сенімге негізделген Қазақстан-Украина қатынастарын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.


Соңғы жаңалықтар