Украиналық офтальмолог Түркістан облысында науқастарға күрделі ота жасады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Украинаның танымал көз дәрігері Оксана Петренко Түркістан облысының әртүрлі көз жарақатын алған науқастарына ота жасады. Киев қаласынан арнайы шақырылған медицина ғылымдарының докторы, профессор-офтальмолог жергілікті мамандармен тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Облыстық клиникалық ауруханасының базасында «Офтальмопластика» тақырыбында екі күндік шеберлік сабақтарын өткізген шетелдік маман офтальмологиялық бөлімшенің техникалық базасын да, жергілікті дәрігерлердің біліктілігін де жоғары бағалады. Ол іс-сапар барысында күйік жарақатын алған, көз қуысына ет өскен азаматтарға күрделі 5 ота жасады. Жыл сайын аталған аурухана бөлімшесінде 2500-ға жуық науқасқа операция жасау арқылы емдік шаралар жүргізіледі. Алдағы уақытта мұнда жаңа қондырғылар сатып алынып, жергілікті дәрігерлерді алыс- жақын шет мемлекеттерге дәріс алуға жіберу жоспарланып отыр.

Еске салайық, Оксана Петренко - жоғары білікті санатты офтальмолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. А. А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университетінің офтальмология кафедрасының доценті, Украинаның офтальмолог-нейроофтальмологтары мен глаукоматологтары қауымдастығының Киев бөлімшесінің төрайымы. Ол глаукоманы лазерлік емдеудің қазіргі заманғы әдістерін, көз жас ағзалары жарақаттары кезінде жоғары технологиялық операциялық араласуларды және көздің қосалқы аппаратында қалпына келтіру операцияларын меңгерген.
null null null null

Соңғы жаңалықтар