Украинадан келген бапкер Елбасының күреспен қалай айналысқанын айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясынан кейін өткен концертте Украинада күрестен бапкер болған Лев Ежевский Нұрсұлтан Назарбаев жас кезінде күреспен қалай айналысқаны туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл оқиға 1958 жылы болған еді. Бізге Днепродзержинскке Қазақстаннан жас жігіттер металлург мамандығы бойынша білім алуға келді. Олар өздерінің кәсіптерін меңгеріп жүргенімен, спортқа да уақыт бөлді. Жігіттер секцияларды таңдап, тарап кетті, яғни біреулері волейбол, баскетболға барса, қалғандары күреске мойын бұрды. Сол кезде спортклубта бапкер ретінде жұмыс істеп жүрген едім. Жаттығу шараларын байқап көргеннен кейін, маған бір жігіт күреспен айналасуға ниетті екенін жеткізді. Мен одан аты-жөнін сұрадым. Ол өз кезегінде есімі Нұрсұлтан екенін, бұған дейін әкесі қазақ күресіне үйреткенін айтты», - деп еске алды Лев Ежевский.

Сонымен қатар қарт бапкер сол кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев жаттығулардан қалмай, тұрақты түрде келіп тұрғанын атап өтті.

«Ол қайсар әрі батыл болды. Біраздан кейін жарыстарға да қатыса бастады. Күрестен жақсы жетістіктерді танытып, жүлделі орындардан көрінді. Алайда оның кететін уақыты да жетті. Менен «Егер ол сол кезде кетпесе, кім болар еді?» деп сұрап жататындар бар. Мен өз кезегімде: «Ол міндетті түрде әлем чемпионы болар еді» деп жауап қайырамын», - деді бапкер.

Соңғы жаңалықтар