Украинадан Қазақстанға гуманитарлық жүк жеткізілді

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұзақ мерзімді және сенімді серіктесі, украиналық «Dairy Global Experts» компаниясы Қазақстандағы коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қолдану үшін 5000 дана санитарлық қорғау экрандарын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінен мәлім еткендей, Елшілік «Air-Astana» авиакомпаниясымен бірлесе отырып, бұл жүк 10 қыркүйек күні ақысыз негізде Киевтен Алматыға жөнелтілді.

Гуманитарлық көмек «СҚ-Фармация» ЖШС-ға Қазақстандағы медициналық мекемелер арасында тарату үшін беріледі.


Соңғы жаңалықтар