+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Украинадан 76 отандасымыз елге оралды

2020 жылғы 27 наурыз 13:06
Бөлісіңіз:
Украинадан 76 отандасымыз елге оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинада жүрген Қазақстанның 76 азаматы бүгін елге оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар 15 күнде жарты миллионнан астам пойыз билетін өткізген Қарағанды облысының депутаттары сессияны қашықтан өткізді Отандық компания Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады

«Коронавирус инфекциясының жылдам тарауына байланысты азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар аясында 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды», - делінген ведомство ақпаратында.

Министрлік мәліметінше, Қазақстаның Украинадағы Елшілігінің дипломаттары осындай нәтижеге қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс атқарып, азаматтарымыздың тізімін әзірлеген. Сонымен қатар «Киев – Алматы – Киев» бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпанияны анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырған.

«Украинадағы дипломаттарымызға азаматтарымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, қойылған міндеттерді адал орындағаны, сондай-ақ ҚР СІМ жедел штабындағы әріптестерімізге бүкіл әлем бойынша елшіліктер қызметкерлерінің жұмысын тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтеді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Туризм, ҚР СІМ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT