Украинадағы жағдай: Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшып шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 19:44-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға жетінші репатриациялық рейс ұшты.

Ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтілуде. Ұшақта 53 жолаушы бар. Осымен, Украинадан 900 ҚР азаматы шығарылды, ал олардың ішінен 743 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар