Украинадағы сайлау: Зеленский мен Порошенко екінші турға өтті

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы Украинаның кезекті президенттік сайлауында электронды түрде хаттамалардың 97,41 пайызын өңдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Украининформға сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 30,24% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 15,93% жақтаға,н. Юлия Тимошенко 13,4%, Юрий Бойко - 11,63%, Анатолий Гриценко - 6,93%, Игорь Смешко - 6,04%, Олег Ляшко - 5,48% дауыс жинады.

Бұдан басқа, Александр Вилкуланы 4,16% сайлаушы қолдаса, Руслан Кошулинский - 1,63. Басқа үміткерлер 1% дауыс жинады. Украинада дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 18 362 085.

Айта кетсек, 31 наурыз күні Украинада кезекті президент сайлауы өтті. Дауыс беру бюллетеньдерінде 39 үміткердің есімі көрсетілген.

Сондай-ақ, кеше Украинада президент сайлауының екінші туры өтетіндігі туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар