Украинадағы қазақстандықтарды Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.

«Украинадағы ахуал «қауіпсіздіктің жоғары тәуекелі бар» деп бағаланғанына және Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2022 жылғы 24 ақпаннан 7 наурызға дейін Украинаға қатынайтын барлық тұрақты рейстерді тоқтатты. Бұған дейін «Эйр Астана» Қазақстан мен Украина арасында жолаушылар тасымалын Алматы – Киев (аптасына 3 рейс), Нұр-Сұлтан – Киев (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша атқаратын. Қазақстан азаматтарын елге әкелу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Украина мен Польшадағы Елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Катовице (Польша) - Атырау бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, репатриациялық рейстерді ұйымдастыруға арналған шығындар мемлекет есебінен өтеледі», - деп жазылған «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі мәліметінде.

«Эйр Астана» осы келісім аясында А-321 үлгісіндегі, сыйымдылығы 179 орындық әуе кемесімен 3 рейс орындауды жоспарлап отыр. Олар:

1) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (08:45) – Катовице (09:00/10:30) – Атырау (19:20);

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (09:45) – Катовице (14:00/15:30) – Атырау (20:20).

2) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (14:00) – Катовице (14:20/16:00) – Атырау (00:20+1), жергілікті уақыт.

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (15:00) – Катовице (19:00/20:30) – Атырау (21:20), уақыты Нұр-сұлтан қаласы.

«Үшінші рейстің кестесі қосымша хабарланады. ҚР Польшадағы консулының ақпаратыне сүйенсек, 28 ақпан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Катовице қаласында Қазақстанның 80 азаматы (49 жолаушы және ҚР Украинадағы Елшілігінің 31 қызметкері) бар. Сондай-ақ, бүгін 116 қазақстандық азамат Украина-Польша шекарасынан өтіп, қазіргі уақытта Катовице әуежайына бет алды. ҚР азаматтарының Катовице қаласына келу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 07:00 деп белгіленген», - делінген «Эйр Астана» ұсынған ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Польшадағы консулының әуе компаниясына берген ақпараты бойынша, 1-ші рейспен ҚР азаматтарын (116+49 адам) тасымалдау жоспарлануда. ҚР Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері (31 адам) 2-ші рейспен ұшуды жоспарлап отыр.

«Сонымен қатар, мынадай проблемалар бар:

1) автомобильдердің көп жиналуына байланысты Киев қаласынан шығу қиын;

2) Украина мен Польша шекарасында адамдардың нөмірі қалың (шекарадан Катовицеге дейінгі қашықтық шамамен 400 шақырым)», - деп жазылған мәліметте.


Соңғы жаңалықтар