Украинадағы қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы қазақстандықтарды әкелу үшін бүгін, Алматы уақытымен сағат 09:53-те Атыраудан Польшаның Катовице қаласынан ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

Рейс Катовицеден сағат 10:30-да ұшып, Атырауға 19:20-да жетеді. Жанармай құйғаннан кейін Алматыға 00:30-да келеді деп күтілуде.

ҚР СІМ мәліметінше, осы ұшақпен 175 қазақстандық оралады. Екінші репатриациялық рейс 1 наурызға жоспарланған. Катовицеден 02:15-те шығып, Атырауға 11:35-те келеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан азаматтары үшін Польшаның Катовице қаласында үш репатриациялық рейс ұйымдастырылады.

Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында.


Соңғы жаңалықтар