Украинадағы Қазақстан азаматтарының нақты саны әлі белгісіз – СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина аумағындағы қазақстандықтар туралы нақты ақпарат алу қиын екені туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, қазіргі жағдайда ол елдегі Қазақстан азаматтарының нақты саны туралы ақпарат жинау қиын. Өйткені эвакуациялаудың алғашқы толқынында, көктемде ондағы қазақстандықтар туралы нақты ақпаратты білген едік. Сол кезде алып шыққан азаматтардың кейбір бөлігі Укрина аумағына қайтып барды, қайтадан Қазақстаннан шығып кетті және Қазақстан Елшілігіне өздерінің орналасқан орны туралы мәлімдеген жоқ. Сондықтан нақты санын біз атай алмаймыз. Біздің консулддыққа шыққандарға Украина аумағынан шығу жолдарын ұсынамыз. Бірақ олар бас тартады. «Осында қаламыз» дейді. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз. Олар сонда өмір сүреді. Жұмыстары бар, отбасы сонда», - деген министрліктің ресми өкілі қазір Украинаның ресми органдарынан анық мәлімет алу да қиын екенін атап өтті.

«Біз азаматтар консул есебіне тұрғанда ғана нақты санын айтамыз. Бейбіт уақытта да бұл проблема болып табылады. Өйткені азаматтар басқа елдің аумағында ұзақ мерзім бойы өмір сүргенде ол туралы мәлімдеу керек емес деп есептейді. Олар кіріп-шығып жатқандарын айтпайды. Әдетте біз жергілікті биліктен мәлімет алатынбыз. Қазіргі жағдайда сандар айырмашылығы болуы мүмкін. Оны ешкім бақыламайды», - деді Айбек Смадияр.


Соңғы жаңалықтар