Украинадағы әскери ұшақ апаты: 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ - ҚазАқпарат – Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Укринформ» сайтына сілтеме жасап.

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы.

Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар