Украинада соғыс жағдайы енгізілді
2018 жылғы 27 қараша 09:30

Украинада соғыс жағдайы енгізілді

КИЕВ. ҚазАқпарат - Жоғары Рада «Украина Президентінің «Укаринда соғыс жағдайын енгізу туралы» Жарлығын бекіту туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Укринформ.

Оны қабылдауға 276 депутат дауыс берді. Украина Президентінің 2018 жылдың 26 қарашасындағы «Украинада соғыс жағдайын енгізу туралы» Жарлығы заңмен бекітілді. Оған сәйкес, Украинада әскери жағдай енгізілді.

Құжатта әскери қолбасшыларға, атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Украина қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау, халықтың қауіпсіздігін және мемлекет мүддесін қорғау тапсырылған.

Украина Конституциясы мен заңына сәйкес, елде соғыс жағдайының енгізілуіне байланысты азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтары шектелуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT