Украинада сайлау учаскелері болмайды – Айбек Смадияров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында Украинадағы сайлау учаскерелі жұмыс істемейді. Бұл туралы брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Украинадағы жағдайға байланысты біз бұл жолы сайлау учаскелерін ашқан жоқпыз. Сондықтан, егер олар қаласа, көрші елге - Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ бұл үшін олар елшіліктерге бюллетеньдер санын дайындау үшін баратынын алдын ала хабарлауы керек. Біздің азаматтарымыз өздері баратын туристік елдерде бюллетеньдер жеткілікті деп ойлайды. Дегенмен ол жетіспеуі мүмкін. Өткен сайлауда осындай жағдайлар болды. Мәселен, консулдық есепте шартты түрде 200 немесе 300 адам тұрады, ал бірақ сайлау күні бұдан екі не үш есе көп келеді. Яғни, адамдар өздерінің келетіндерін алдын ала хабарламайды», - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі.

Бұған дейін Айбек Смадияров Түркияның Ыстанбұл қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар