+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Украинада президент сайлауының екінші туры өтеді

2019 жылғы 1 сәуір 15:36
Бөлісіңіз:
Украинада президент сайлауының екінші туры өтеді

КИЕВ. ҚазАқпарат - Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачук президент сайлауынан кейінгі дауыстарды санау түні дауыс беру күніндегідей тыныш өткенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол пресс-конференция барысында айтты, деп хабарлайды Укринформ.

«Біз үшін сайлау күні ғана емес, одан кейінгі учаскелік сайлау комиссияларында дауыс санау кезеңінде жүйелі заң бұзу фактілерінің кездеспеуі - атап айтарлық жайт», - деді Слипачук.

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санауды заңға сәйкес жүзеге асырды. Сонымен қатар, ОСК төрағасы алдағы уақытта сайлаудың екінші туры өтетінін және ОСК алдында қысқа мерзімде бірінші турды қорытындылау және 21 сәуірдегі президент сайлауына қайталап дауыс беруді тағайындау туралы хаттамаға қол қою сынды «ауқымды тапсырмалар» тұрғанын атап өтті.

Украинаның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бернацкаяның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шағымдардың көпшілігі елеулі бұзушылықтарға қатысты емес және жалпы жағдайда қаралады.

31 наурыз күні Украинада кезекті президент сайлауы өтті. Дауыс беру бюллетеньдерінде 39 үміткердің есімі көрсетілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Украина, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT