Украинада Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарық көреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулеба алдағы жоспарларымен бөлісті. Бүгін ол Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Нұрсұлтан Әбішұлы Украинаның тау-кен саласы бойынша білім алды. Содан бері 60 жыл да өтті. Біз осы тариxи сәттерді жақсы білеміз әрі құрметпен қараймыз. Мәселен, бұрынғы Днепродзержинск, қазіргі Каменский қаласында арнайы мұражай да бар. Мен жаңа ғана президентпен кездескенде арнайы кітапты дайындап жатқанымызды жеткіздім. Онда Нұрсұлтан Әбішұлының Украинада өткізген уақыты жайында баяндалады. Жалпы, оның мемлекет басшысы әрі бітімгер ретінде қазіргі қызметі жан-жақты көрсетіледі", - деді И.Кулеба журналистерге берген сұxбатында.

null 

Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.  Сол жерде Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуы туралы айтып берді. 

Соңғы жаңалықтар