Украинада коронавирустан қайтыс болғандар саны 50 мыңнан асты

None
None
КИЕВ. Укринформ-КАЗИНФОРМ – Украинада өткен тәулікте, 26 мамырда, COVID-19 жұқтырудың 3 509 жаңа жағдайы, 183 өлім тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 27 мамырда Украинада COVID-19 жұқтырудың 3 509 жаңа жағдайы тіркелді. Оның арасында 193 бала, 82 медицина қызметкері бар» делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы хабарламада.

Өткен тәулікте 1 402 адам ауруханаға жатқызылған, 183 өлім жағдайы тіркелген.

16 867 адам сауығып шыққан.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцинация басталғалы 1 099 713 екпе салынған.

992 191 адамға вакцина егілген.

Пандемия басталғалы Украинада 2 193 367 адам коронавирусқа шалдыққан.

2 006 918 адам сауығып шыққан.

Өлім жағдайларының саны – 50 067.

Соңғы жаңалықтар