Украинада коронавирус жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинада коронавирус жұқтыру саны бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде вирус жұқтырудың 18 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Тағы 326 пациент қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл» аймақта 11 өңір тұр, соның арасында Киев қаласы да бар. 4 наурызда Украина билігі елде пандемияның үшінші толқыны басталғанын жариялады.

Ауруханалардағы жағдай күрделі, медицина қызметкерлері стационарлық ем қабылдауға мұқтаж адамдардың саны қаңтар айынан бері төрт есе көбейгенін айтуда. Соңғы екі аптада ауруханаға жатқызылған адамдардың саны күрт өскен.

Пандемия басталғалы, Украинада инфекция жұқтырған 31 мың адам қайтыс болды. Жаппай вакциналау науқаны мұнда бір ай бұрын басталған. Екпені 174 мың украиналық азамат салдыртты, олардың көбі вакцинаның тек бір дозасын ғана алған.


Соңғы жаңалықтар