Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 миллионнан асты

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украинада 21 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19 вирусына шалдығудың 1 304 456 дерегі расталды, олардың 4 489-ы соңғы тәулікте анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинаның Ұлттық ақпарат агенттігі «Укринформға» сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл туралы Facebook-те елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлімдеген.

«Украинада 2021 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19 коронавирус дертін жұқтырудың 4 489 жаңа жағдайы тіркелген. Жекелей алғанда, 323 бала мен 133 медицина қызметкері ауруға шалдыққан», - делінген министр хабарламасында.

Өткен тәулікте 58 науқас көз жұмған, 1557 пациент емделіп шыққан. Бұдан бөлек бір тәулікте 2 445 адам ауруханаға жатқызылды. Соңғы тәулікте 27 188 адам тестілеуден өткен.

Пандемия басталғалы Украинада 1 146 073 адам сауығып шыққан. Өлім жағдайларының саны – 25 103.


Соңғы жаңалықтар