Украинада кезектен тыс сайлау өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Укринформ – Жексенбі, 21 шілде күні Украинаның халық депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды Укринформ.

Дауыс беру таңғы сағат 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Шетелдік сайлау учаскелерінде мемлекеттің жергілікті уақыты бойынша өткізіледі.

Сайлауды өткізу үшін 199 аумақтық және бір шетелдік сайлау округі құрылған. Сондай-ақ, 30 мың учаскелік сайлау комиссиясы ұйымдастырылды. Шет елдерде 102 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.

Орталық сайлау комиссиясы жалпымемлекеттік көпмандатты сайлау учаскесінде 22 партияның тізімі бойынша сайлауға түскен жалпы 2,7 мың үміткерді және бірмандатты сайлау учаскесінде 3,2 мыңнан астам үміткерді тіркеген.

163 украиналық коғамдық ұйымға сайлау кезінде ресми бақылаушылар берілген.

Одан бөлек, ОСК 22 халықаралық ұйымнан және 12 шет мемлекеттен 1 719 ресми бақылаушыны тіркеген.

Орталық сайлау комиссиясының Жоғарғы Радаға кезектен тыс сайлау өткізудің бекіткен жалпы сметасы - 1,9 млрд гривень.

Сайлаушылардың дауыс беру кезіндегі қауіпсіздігін 130 мың құқық қорғаушы қамтамасыз ететін болады.

ОСК жалпымемлекеттік көпмандатты және бірмандатты сайлау округтеріндегі кезектен тыс парламенттік сайлаудың нәтижесін дауыс беру күнінен 15 күн кешіктірмей бекітіп, жариялауы тиіс.

Бұған дейін хабарланғандай, Президент Владимир Зеленский 21 мамыр күні VIII шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарату және 21 шілдеде кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойған еді.

Соңғы жаңалықтар