Украинада қалған 57 жүк көлігінің 51-і ел аумағынан шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар 822 ҚР азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті. Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті, делінген хабарламада.

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) 89 ҚР азаматы бар 5-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты . Бұған дейін төрт репатриациялық рейспен Қазақстанға 587 ҚР азаматы жеткізілгені белгілі.

Қазіргі уақытта Катовице қаласында және Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 ҚР азаматы бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған.

Украинадағы ҚР Елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы ҚР азаматтарының жалпы саны әлі де 18 адамды құрайды. Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкіншілігі жоқ.

ҚР дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты қажетті көмек көрсетілуде.


Соңғы жаңалықтар