Украинада қалған 155 адам мінген төртінші ұшақ Қазақстанға ұшып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшадан Украинадағы қазақстандықтар мінген төртінші рейс ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:05-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс ұшқан.

Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтіліп отыр.

Ұшақта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби бар.

Бұған дейінгі үшінші рейс те Нұр-Сұлтанға қонған болатын.

Соңғы жаңалықтар