+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Украинада діни мерекелерге мемлекеттік мәртебе берілуі мүмкін

2020 жылғы 31 шілде 16:11
Бөлісіңіз:
Украинада діни мерекелерге мемлекеттік мәртебе берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украина Президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетіне кейбір діни мерекелер, соның ішінде Рамазан мейрамы, Құрбан айт, Песах, Рош-ха-Шана, Ханука, Пасха сияқты мейрамдарға мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселені қарауды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды

Осы мәселеге қатысты № 303/2020 Жарлық мемлекет басшысының сайтында жарияланды.

«Украинаның Министрлер кабинеті Жалпыукраиналық шіркеулер кеңесімен, діни ұйымдармен, Украинаның Ұлттық еске алу институтымен бірлесе отырып кейбір діни мерекелерге, атап айтқанда: Рамазан мейрамы, Құрбан айт мейрамы, Пасха, Рош-Ха-Шана, Ханука мейрамдарына мемлекеттік мәртебе беру мәселесін қарастырады. Батыс дәстүріндегі христиандар үшін және басқа адамдар үшін Пасха Украинаның Жоғарғы Радасының қарауына тиісті заң жобасын ұсынуы керек», - делінген құжатта.

Мұндай ұсыныс азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, барлық діндарлар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру, украин қоғамының тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін көп ұлтты және көпконфессиялы деп құрметтеу мақсатында ұсынылғандығы атап өтілді.

Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT