Украинада бір күнде 14 мың адамнан коронавирус анықталды

None
None
КИЕВ. Укринформ - ҚазАқпарат – Украинада соңғы тәулікте 14 174 адамнан COVID-19 анықталды. 5 438 адам аурухана жатқызылды, 342 адам вирустан көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша, Украинада COVID-19 вирусын жұқтырудың 14 174 жаңа оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, 750 бала мен 434 медициналық қызметкер дертке шалдықты. 5438 адам ауруханаға жатқызылды, 342 өлім оқиғасы тіркелген», - делінген агенттік хабарламасында.

Соңғы тәулікте расталған оқиғалардың ең көп саны Киев қаласында (1 300), Одесса (1 177), Хмельницкая (994), Львов (939) және Киев (813) облыстарында тіркелген«, - деп қосып өтті Степанов.

Пандемия басталғалы, Украинада 1 579 906 адам вирусқа шалдықты, 1 276 272 адам ауруханадан шығарылды, 30 773 өлім оқиғасы тіркелген, 7 778 231 ПТР-тестілеу жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар