Украинада әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 26 болды

None
None
КИЕВ. Укринформ - ҚазАқпарат - Украина Қарулы күштеріне тиесілі Ан-26 ұшағының апатынан қаза тапқандар саны 26 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Харковьщина аймағына құлаған Ан-26 ұшағының үйіндісінің астынан борттың жазба құралы табылды. Бұл жөнінде Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Алексей Кучер айтқан.

«Борттың жазба құралы алынды, бірақ әлі зерделенген жоқ. Бір нәрсені анық білем - апаттан 45 секунд немесе бір минуттай уақыт бұрын ұшқыш осы рейсті басқарушы пилотпен сөйлескен, олар қауіпсіз қону мүмкіндігін ақылдасқан» дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бұл жазба құралы жақын арада зерделеніп, ондағы бүкіл мәліметтер алынады. Қазір оқиға орнынан ұшақтың қалдықтарын әкетіп, тазалап жатыр.

Айта кетейік, 25 қыркүйек сағат 20.50 кезінде Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.

Бортта 7 экипаж мүшесі және Әуе күштері Харьковь ұлттық университетінің 20 курсанты, барлығы - 27 адам болған. Әскери ұшақта болған адамдар Украинаның 11 облысынан.

Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.

Оқиға салдарынан 25 адам қаза тапқан, бір курсант ауруханада көз жұмды, тағы біреуі ем алып жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский 26 қыркүйекті әуе апатынан қаза тапқандарды еске алуға арналған қаралы күн деп жариялады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар