Украинада «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Киев қаласында (Украина) «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шараға ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Калетаев, «Отандастар қоры» КеАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Украинадағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара аясында «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Украинадағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» КеАҚ «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйлері бұған дейін Омбы (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Стамбул (Түркия) және Германия (Берлин) қалаларында ашылды.
- Алматы театрында «Абайдың жұмбағы» сахналанды
- Қазақстандағы сайлау демократия талаптарына сай өтіп жатыр – украиналық депутат
- Сенатта Украинаның Жоғарғы Радасының байқаушыларымен кездесу болды
- Түркияда «ҚазАқпарат» директорлар кеңесінің мүшесі Қамбар Омаров марапатталды
-
Коронавирус: Украина ресейлік вакцинаны тіркеуден бас тартуын түсіндірді
-
Таиландтың Ұлттық кітапханасында Абай кітаптарының тұсаукесері өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам