Украина Жоғарғы Радасы тарады: Кезектен тыс сайлау 21 шілдеде өтеді

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат-УКРИНФОРМ - Украина Президенті Владимир Зеленскийдің VIII шақырылымдағы Жоғарғы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және кезектен тыс сайлауды 21 шілдеде өткізу туралы Жарлығы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинформға сілтеме жасап.

«Украина Конституциясының 90-бабы екінші бөлігі 1-тармағы, 83-бабы алтыншы және жетінші бөлігі, 77-бабы екінші бөлігіне және 106-бабы бірінші бөлігі 7 және 8-тармақтарына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қаулы етемін. Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 21 шілдесінде өткізілсін», - делінген құжатта.

Украина министрлер кабинетіне Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауын қаржыландыру тапсырылды.

Укринформ хабарлағандай, Зеленский 20 мамырда инаугурацияда сөйлеген сөзінде Жоғарғы Раданы тарату туралы мәлімдеген еді. 21 мамырда мемлекет басшысы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар