+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Украина жерінде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

2021 жылғы 8 мамыр 20:31
Бөлісіңіз:
Украина жерінде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы Жеңістің 76-жылдығы қарсаңында украин тарапы Донецк облысының Славянск және Краматорск аудандарын азат ету барысында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Үкекбай Базарбаевтың сүйегін Украинадағы Қазақстан Елшілігі жанындағы әскери атташе Нұржан Омаровқа табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақыт Сұлтанов Украинаның жоғарғы лауазымды тұлғаларымен кездесті Нұр-Сұлтан мен Киев ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады Қазақстан мен Латвия арасында құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2020 жылы «Плацдарм» әскери-тарихи мұраларды зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы Донецк облысы аумағында соғыс жүрген орындардан 110 кеңестік әскери қызметшінің сүйегін тапқан болатын.

Олардың 8-і табылған медальдар, капсулалар, құжат үзінділері арқылы аты-жөндері анықталды. Сегіз жауынгердің қатарында анықталғандардың бірі 1913 жылы дүниеге келген қазақ Үкекбай Базарбаев болып шықты. Ол 39-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 12-ші гвардиялық атқыштар полкі сапында соғысқа қатысқан. Ұрыс барысындағы батылдығы үшін «Ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Елшілігі Үкекбай Базарбаевтың сүйегін Атамекенінде қайта жерлеу үшін туыстарына жеткізетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT