Украина Президентін ұлықтау рәсіміне Қазақстаннан кім қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украина Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Украина тарапының ресми шақыруына сәйкес, 2019 жылы 20 мамырда Киевте Украина Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысады. ​Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров басқарады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, «Орталық сайлау комиссиясының 30 сәуірде өткен отырыс хаттамасына сәйкес, Украина Президенті Владимир Зеленский болып сайланды.

Сондай-ақ, Зеленскийдің Украина президенті ретінде ант беретін күні белгіленді.

Соңғы жаңалықтар