+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Украина Президенті Гончарук Үкіметіне тағы бір мүмкіндік берді

2020 жылғы 18 қаңтар 10:31
Бөлісіңіз:
Украина Президенті Гончарук Үкіметіне тағы бір мүмкіндік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украина Президенті Владимир Зеленский Алексей Гончаруктің Премьер-Министр қызметінен босату туралы өтінішін қарастырып, Үкіметке бірқатар шартты орындаған жағдайда тағы бір мүмкіндік беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.

Украина басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұл жайында елдің Премьер-Министрі Алексей Гончарукпен кездесуі барысында мәлімдеген.

«Бүгінде өте маңызды әрі қоғамымызды алаңдатып отырған бірқатар мәселені шеше алсаңыз, онда сіздің Үкіметіңізге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадым. Дәл қазір мемлекетті эконономикалық және саяси тұрғыда шайқататын уақыт емес», - деді Украина Президенті Гончарукке қарата.

Бұған дейін Украина Премьер-Министрі Алексей Гончаруктың отставкаға өтініш жазғанын хабарлаған болатынбыз.

«Лауазымға Президенттің бағдарламасын орындау үшін келген едім. Ол мен үшін ашықтық пен адалдықтың үлгісі саналады. Алайда, Президентке деген біздің құрметіміз бен сенімімізге кез келген күдік тудырмау үшін отставкаға өтініш жазып, оны Парламентке шығару құқымен Президентке бердім», - деп жазған еді Алексей Гончарук Facebook парақшасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Украина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT