Украина премьер-министрі отставкаға кету жөнінде өтініш жазды

None
None
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – 3 наурыз күні Украина премьер-министрі Алексей Гончарук Жоғарғы Рада төрағасының атына қызметтен босату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ ресурсына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде журналистерге «Слуга народа» фракциясының мүшесі, депутат Александр Качура хабарлады.

«Иә, бүгін оның өтініші бізге келіп түсті», - деп атап өтті Качура.

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Владимир Зеленский «Слуга народа» фракциясының отырысында Украина премьер-министрі Алексей Гончарукты отставкаға жіберіп, оның орнына Денис Шмыгальды тағайындауды ұсынған еді.

Ол жайында Александр Качура өзінің Telegram парақшасында жазған.

Қоса кетейік , «Слуга народа» депутаттық фракциясы 3 наурыздағы отырысында Алексей Гончаруктың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде журналистерге халық депутаты Александр Дубинский хабарлады.


Соңғы жаңалықтар