Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін  алды
2022 жылғы 24 маусым 08:28

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Брюссельде өткен Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға одақ мүшелігіне кандидат статусын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғы кеңестік екі республиканың ЕО мүшелігіне өтінімдері рекордтық қарқынмен қаралды. Еуроодақ төрағасы бұл елдердің Еуропалық Одақтағы критерийлерге сай болу үшін үлкен өзгерістер жасап, кемшіліктерді түзету керек екенін ескертті.

Саммитте сөз сөйлеген Франция президентті Эммануэль Макрон Одақтың Украинаға практикалық көмек көрсеткенін атап өтті.

«Біз жылдам, тарихи маңызды және біртұтас шешімдер қабылдадық. Украинаға макроэкономикалық, әскери, қаржылық қолдау көрсеттік, енді осы саяси қимылмен қолдау білдірудеміз», - деді Франция президентті Эммануэль Макрон.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуроодақтың Киевке кандидат мәртебесін бергісі келетіні туралы хабарланған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT