Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалып жатыр

None
None
КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат - Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ сайтына сілтеме жасап.

Дегенмен ол жағдайды бейімделген карантин құралдарымен барынша басқаруға уәде береді.

Бұл туралы Денис Шмыгаль Үкіметтің төрағалығымен өткен жыл қорытындысы жайлы баспасөз мәслихатында айтты.

«Біз қазір күн сайын науқастану жағдайларының көбеюін көріп отырмыз, өкінішке қарай, Украинада індеттің үшінші толқыны басталғанын айту керек. Бұл статистиканы жасыру немесе басқаша түсіндіру мүмкін емес. Саналы болу керек, Украинада коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталды», - деді Шмыгаль.


Соңғы жаңалықтар