+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Украина Қазақстанға Ан-74 ұшағын жасап жатыр

2017 жылғы 14 шілде 12:38
Бөлісіңіз:
Украина Қазақстанға Ан-74 ұшағын жасап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Харьков авиазауыты Қазақстан үшін Ан-74 ұшағын жасап шығарады. Бұл туралы авиазауыттың бас директоры Александр Кривоконь мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті басылым Status Quo.

Директордың айтуынша, тапсырыс беруші ұшақ үшін 15 млн доллар төлеп қойған, бірақ әуе көлігін әлі алмаған.

Кривоконь жақында құрылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездескенін тілге тиек етті.

«Біз келісімшартты аяқтап, ұшақтың өндірісі алыс-беріс сызбасы бойынша жүргізіледі деп келістік, ұшақты жасап шығаруға «Укрспецэкспорт» компаниясы кепілгер болады. Украинаның ҰҚҚК Қазақстанмен келісімшарт негізінде келесі жылға қаржы бөледі деп күтілуде. Құрастыру жұмыстарын жаздың соңында бастаймыз, ал 2018 жылдың қыркүйек айында ұшақты жасап шығару жоспарлануда. Кейін Қазақстан үшін тағы төрт машина жасауға тапсырыс күтілуде», - деп атап өтті Кривоконь.

Сондай-ақ, ол зауытта тағы екі Ан-140 бар екенін атап өтті.

«Оларды сата алмасақ, олардың құрылысын отандық тасымалдаушылар көмегімен аяқтап, рейске шығаруды жоспарлап жатырмыз», - деп мәлімдеді А.Кривоконь.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT