Украина Елшісі М.Саакашвилидің тағайындалуына байланысты Грузияның СІМ-не шақырылды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат -Халықаралық іздеуде жүрген Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің Украинадағы Реформалар бойынша халықаралық кеңесші органының төрағасы болып тағайындалуына байланысты Украинаның Грузиядағы Елшісі Василь Цыбенко Грузия елінің Сыртқы істер министрлігіне түсініктеме беру үшін шақырылды.

Бұл туралы ақпаратты Грузия СІМ-нің баспасөз қызметі де растайды.

СІМ украиналық дипломатты түсініктеме алу үшін осы аптада қабылдайды. Ведомствода Елші шақырылған күн нақтыланбаған. Сыртқы саяси ведомстводағы кездесуге Грузияның Украинадағы Елшісі Михаил Уклеба да қатысады.

Соңғы жаңалықтар