Украина азаматы ақмолалық полицейлерге алғыс айтты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Украина азаматы істен шыққан көлігін жөндеуге көмектескен ақмолалық полицейлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 18 қараша күні түнде «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» автожолының 58-шақырымында фургонда электр құрылғысы істен шыққан.
Осының салдарынан көлік жарықсыз қалып, жүргізуші тоқтауға мәжбүр болған.
Азық-түлік тиелген көлік Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға жүріп бара жатқан.
Бірнеше сағат қаңтарылып жолдың шетінде тұрған көлікті Ақмола облыстық ПД жол-патруль полиция ротасының инспекторлары, полиция лейтенанты Торғаев Батыр-Баян мен полиция лейтенанты Тұрар Нұрғазы көріп, көмекке келген.
Тәртіп сақшылары қатты тоңып, жаураған көлік жүргізушісін қызметтік автокөлікте жылындырып, тамақтандырған. Артынша көлігін жөнеудеге көмектесіп, таңертең жолға шығарып салды.
Көлік жүргізушісі Украина елінің азаматы Анатолий Дораш Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлеріне бейнеүндеу жолдап, алғыс айтты.
Онда украиналық жүргізуші Ақмола тәртіп сақшыларының адамгершілігін ерекше атап өтті.
- Ақмола облысында мемқызмет көрсету сапасына қатысты шағым азайған
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма
- Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды
-
ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
-
Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам