Украин альпинисі Іле Алатауы шыңынан құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Украин альпинисі Іле Алатауы шыңынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шұғыл хабарлама 11 шілдеде 16:32- де түскен.

"Бір топ кәсіби альпинист Іле Алатауының шыңдарына өрмелеуге шығады.

Құзға өрмелеп бара жатқан жерінен 33 жастағы украин альпинисі құлап кетті. Абырой болғанда, аман қалды, бірақ жарақаттанған.

«109» қызметінің экипажы оқиға орнына шұғыл аттанған.

Құтқару операциясын альпинистер федерациясының мамандары мен құтқарушылар жасағы жүзеге асырды",- деді баспасөз қызметінен.

Жарақат алған спортшыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оған миы шайқалған деген диагноз қойды. Ол ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар