+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

ҰҚК жүргізген арнайы операция видеосы желіде тарады

2017 жылғы 13 шілде 19:01
Бөлісіңіз:
ҰҚК жүргізген арнайы операция видеосы желіде тарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 25 жылдық мерейтойына орай видео ролик жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодағы оқиғалардың барлығы да еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған сәттен бергі шынайы жайттар. Мәселен, роликтердің бірінде 1992 жылдың ақпанында автобустағы тұтқындарды босатуға арналған «Набат» арнайы операциясы жайында сыр шертеді. Арнайы операция бір тәулікке созылып, арнайы жасақ қызметкерлері автобусты шабуылмен басып алған болатын. Айта кетерлігі, автобустың барлық жолаушылары дін-аман қалды.

Келесі бір арнайы операция «Сапфир» деп аталады. Ол 1994 жылы АҚШ-пен бірге жүргізілген. Қазақстан АҚШ-қа 600 келі жоғары байытылған уран тапсырды. Құрама Штаттардан 130 тонна құрал-жабдық пен көптеген мамандар келген болатын. Ядролық материал бейбіт отын ретінде қайта өңделді. Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімімен Қазақстан ядролық қарусыз жолды таңдады.

Мұнан бөлек, видео роликте 1992 жылдың 13 қаңтарында құрылған А арнайы мақсаттағы қызмет, 1992 жылдың 18 тамызында құрылған еліміздің Шекара қызметі, 1974 жылы негізі қаланған ҰҚК академиясы мен кез келген қазақстандық келіп тамашалай алатын ҰҚК музейі жайында сыр шертіледі.

Әрбір видео материалда: "Ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ!" деген сөз келтіріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР ҰҚК,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT