ҰҚК Ыстанбұлға заңсыз алтын құйманы әкетудің жолын кесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әуежайында құны 35 млн теңге тұратын құнды металл контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

2017 жылдың 23 тамызында жедел іс-шара жүргізу барысында Астана-Ыстанбұл бағытындағы халықаралық рейстің жолаушылары мен жүктерін тіркеу кезінде ҰҚК қызметкерлері Қазақстан Республикасынан Түркия Республикасына 950-996 сынамалы жалпы салмағы 4 келі 900 грамм болатын алтын құйма түріндегі контрабандалық тауарды алып өту қылмысын әшкереледі.

Қылмысты әуежай қызметкері жасаған. Ол ішкі белбеуіне салынған контрабандалық затты бақылау және рәсімдеу аймағынан өтіп, шекарадан алып шыққан. Қазір қылмыстық іс тергелуде. 

Соңғы жаңалықтар