ҰҚК: Үш қалада терроризмді насихаттады деген 4 адам қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үстіміздегі жылғы 13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет мәліметінде .

«Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп аталып өткен хабарламада.


Соңғы жаңалықтар