ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізіп, 13 адам ұсталды
2023 жылғы 17 наурыз, 17:01

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 қалада арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.
«15-16 наурызда ҚР ҰҚК Ресейдің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталуда.
Жалпы айта кетсек, жыл басынан дәл осындай шара Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысында жүргізілді.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP